Мы выделили 30 га земли под экспортоориентированные индустриальные проекты с доступом к инфраструктуре. Здесь возможно размещение мощностей по производству комбикормов, переработке сельскохозяйственной продукции (овощи, масленичные культуры, кукуруза и пр.), а также производство и тарирование минеральных удобрений.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Исткомтранс» компаниясының «Жетыген» көлік-логистика орталығына барды.
2024 жылғы 31 мамыр – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Алматы облысы, Алатау қаласында орналасқан «Исткомтранс» компаниясының «Жетыген» көлік-логистика орталығына (КЛО «Жетыген») барды.
Алматы қаласына тікелей жақын орналасқан және Алтынкөл станциясынан (Қорғас) 293 км қашықтықта орналасқан КЛО «Жетыген» Алматы қаласының теміржол және автомобиль инфрақұрылымын едәуір жеңілдетуге ықпал ететін болады.
Терминалды құрудағы мақсат – экспорттық, импорттық және транзиттік жүктермен жұмыс істеу кезінде теміржол тасымалдауы мен терминалдық өңдеудің тиімділігін арттыру. Терминалдың жұмысы ҚХР-ға/ҚХР-дан бағытталған контейнерлік тасымалдар бойынша жүк жөнелтушілердің шығындарын азайтуға, сондай-ақ Алматы қаласынан тыс жерлерде жүк операцияларын жүргізу арқылы вагон айналымын төмендетуге ықпал етеді.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында көлік-логистика әлеуетін іске асырудың стратегиялық маңызын атап өтті. Біз бұл зор артықшылықты пайдалануымыз қажет, ол кең мүмкіндіктерге жол ашады. Біз сауда мен жалпы экономиканың дамуына оң әсер ететін жаңа жобаларға мүдделіміз. Қазіргі уақытта біз инфрақұрылымдық мәселелерді шешіп, бизнес жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай мен коммуникацияларды жасап жатырмыз. Кәсіпорындардың өзі үнемделген қаражатты өнім сапасын арттыруға және әрі қарай кеңейтуге бағыттап, жаңа жұмыс орындарын аша алады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
КЛО «Жетыген» контейнерлік терминалының өңдеу қабілеті 100 000 ДФЭ-ден асады, терминал ұзындығы 80 шартты вагон болатын толық құрамды контейнерлік пойыздарды қабылдай алады. Терминал дөңгелекті техниканы және автомобильдерді тиеп-түсіруге арналған аппарельдермен, сондай-ақ бір мезетте 80 рефконтейнерді қосуға және өңдеуге арналған аймақпен жабдықталған.
Маңызды оқиға ретінде СВХ және кеден қоймасының (Импорт 70) ашылуы болды, ол тауарларды белгіленген мерзім ішінде кедендік бақылауда кедендік баждар мен салықтарды төлемей сақтауға мүмкіндік береді.
Негізгі жетістіктердің бірі – 2024 жылғы мамыр айында әмбебап вагондардан ҚХР-ға экспорттау үшін контейнерлерге сусымалы жүктерді қайта тиеуге арналған Орталық Азиядағы жалғыз терминалдың іске қосылуы. Терминалдың бірінші кезектегі қуаты жылына 500 000 тоннадан асады.
«Исткомтранс» бас компаниясы клиенттерге кешенді «кілт тапсыру» қызметін ұсыну үшін фидингтік платформалардың, жабық вагондардың және жартылай вагондардың иесі болып табылады.
«Терминалды және индустриялық аймақты дамытудың келесі кезеңдерін іске асыру үшін біз қоймалық және өндірістік қуаттарды дамытуға 150 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салуды жоспарлап отырмыз. Бұл қаржыландырудың мақсаты – көлік хабын кеңейту, құрастыру өндірістерін, минералды-шикізат компоненттерінен өндірістерді, экспортқа және ішкі сұранысты қанағаттандыруға арналған қосылған құны жоғары өнімдер өндірістерін салу. Мұндай нысандардың құрылысы өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бюджетке салық түсімдерінің артуына әкеледі», — деді «Исткомтранс» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Марат Сарсенов.